Оқиға
1 мин оқу 340

Атырауда пәтерден ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды

<p style="text-align: justify;">Атырауда жалға алған пәтерден ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 шілде күні сағат 19:30 шамасында 64 жастағы тұрғын полицияға шағым түсірген.

«Атырау қаласының тұрғыны 1992 жылы туған қызының пәтер есігін ашпай жатқанын айтқан. Ішінен кілттеулі тұрған пәтердің есігін ашу үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шақырылды. Пәтердің ішінен 1992 жылғы әйел мен 1996 жылғы ер адамның мүрдесі табылды», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен тергеу амалын жүргізуді бастады. Қайтыс болғандардың ерлі-зайыпты екені анықталды.

Ерлі-зайыптылардың ортақ төрт баласы бар. Аталған пәтерді 1992 жылғы әйел бір ай бұрын жалға алған.

Бөлісу:
Атырауда пәтерден ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар