Аймақтар
1 мин оқу 550

Жетісуда 6 жасар бала трактордың астына түсіп көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Қайғылы жағдай Алакөл ауданның орталығы Үшарал қаласында болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полицейлердің мәліметінше, тракторды 50 жастағы ер адам жүргізген. Ол баланың ата-анасына шөп жеткізген. Ата-анасы үй шаруасымен жүрген кезде 6 жасар бала трактордың тіркегішіне мініп алған.

«Трактор қозғалған кезде бала тіркегіштің дөңгелегінің астында қалған. Қазір аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 104 бабы 1-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Жетісуда 6 жасар бала трактордың астына түсіп көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар