Оқиға
1 мин оқу 153
Шымкенте 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды
<p style="text-align: justify;">Шымкенттегі Қазиев және Шынар көшелерінің қиылысынан 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы Абай аудандық полиция басқармасының 102 телефонына хабар түскен.
«Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелді. Мәйітке сот-медициналық сараптама тайғайындалды. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде, 2005 жылы туған азамат күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда», делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бөлісу: