Әлем
1 мин оқу 116

Доминиканда туристер мінген автобус апатқа ұшырады

<p style="text-align: justify;">Доминикан республикасының оңтүстігінде жантүршігерлік жол апаты салдарынан 4 адам қаза тауып, 30-ы жарақат алған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Elnacional порталына сілтеме жасап.</p>

Басылым мәліметінше, автобус аралдың оңтүстік жағалаудағы Бани қаласынан шыққан. Жол-көлік оқиғасы Лос-Какаос, Сан-Кристобаль муниципалитетіндегі Херманас Мирабаль көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобустың тежегіші істен шыққан, соның салдарынан туристер мінген автобус бірнеше көлікке соқтығысқан. 

Жол апаты салдарынан 4 адам қаза тауып, 30-дан аса адам жарақат алған. Зардап шеккендерді өңірлік клиникалық ауруханаға жеткізген. Туристердің қай елдің азаматтары екені әзірге айтылмады. 
Бөлісу:
Доминиканда туристер мінген автобус апатқа ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар