Қаржы
1 мин оқу 190

Доллар бағасы қайта қымбаттады

<p style="text-align: justify;">KASE&nbsp; Қазақстан қор биржасының мәліметінше, доллардың орташа бағамы 3,51 теңгеге көтеріліп, 479,83 теңгені құрады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ресей рублінің орташа бағамы 0,05 теңгеге төмендеп, 8,25 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа бағамы аздап өсіп, 70,96 теңгені (+0,635) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Ұлттық банк Еуро бағамын 487,2 теңгеге белгілеген.

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 479-484 теңгеден, еуроны – 489-494 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль - 7,4-7,9 теңге.

Сонымен қатар мұнайдың әлемдік бағасы 26 шілдеде Сауда-саттық барысында өсуде.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің құны барреліне $106,49 құрады (1,27%-ға жоғары).

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) қыркүйек айындағы электрондық сауда-саттықта WTI мұнайының фьючерстерінің бағасы бір баррелі 97,98 долларды құрады (1,32% - ға жоғары).

Бөлісу:
Доллар бағасы қайта қымбаттады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар