Полиция елорда әкімдігінде болған төбелеске түсініктеме берді
<p style="text-align: justify;">Полиция Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде төбелес шығарған әйелдердің ісі тіркелгенін хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Полицияға 25 шілде күні сағат 11:12 кезінде Бейбітшілік көшесінде орналасқан әкімдік ғимаратына бейтаныс әйелдер келіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ер адамды сабағаны туралы хабарлама келіп түсті», делінген департамент хабарламасында.
Оқиғадан кейін екі жақ бір-бірінің үстінен полицияға арызданғаны анықталды.
«Кикілжіңге қатысушылардың екі тараптан да бір-біріне шара қолдану керектігі туралы арыз түсті. Бұл факті «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында шаралар қабылданады», делінген хабарламада.