Аймақтар
1 мин оқу 370

Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріледі

<p style="text-align: justify;">Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Наурызбай ауданы Ақжар шағынауданындағы &laquo;Жайсан&raquo; тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы, 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады. Бүгінде талап арыз қанағаттандырылып, соттың заңды шешімі күтілуде.

Бөлісу:
Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар