Теннис
1 мин оқу 165

Елена Рыбакина УЕФА штаб-пәтерінде болды

<p style="text-align: justify;">Уимблдон чемпионы, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) штаб-пәтерінде болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, 23 жастағы теннисші Еуропаның бас клубтық турнирі - Чемпиондар лигасының трофейімен суретке түсті.

«Тамаша тәжірибесі мен жылы қабылдағаны үшін УЕФА-ға мың алғыс», деп жазды қазақстандық теннисші Instagram парақшасында.

Е.Рыбакина Уимблдоннан кейінгі алғашқы жарысын АҚШ-та өткізеді. Ол 1-7 тамызда болатын Сан-Хосе WTA 500 турнирінде бақ сынайды.

Бөлісу:
Елена Рыбакина УЕФА штаб-пәтерінде болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар