Тағайындау
1 мин оқу 561

Жеті облысқа жаңа прокурор тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.</p>

«Мемлекет басшысымен келісе отырып, Бас прокурордың бұйрығы бойынша бірқатар облыстың прокурорлары тағайындалды», делінген хабарламада.

Жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев тағайындалды.

Абай облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерлан Масғұтұлы Абаев басқарады.

Аға әділет кеңесшісі Мадияр Бекенұлы Басшыбаев Жетісу облысының прокуроры болып тағайындалды.

Серік Рысқалиұлы Шалабаев Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.

Ақтөбе облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов болды.

Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттуков тағайындалды.

Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.

Бөлісу:
Жеті облысқа жаңа прокурор тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар