Футбол
1 мин оқу 190
Конференция лигасы: «Тобыл» келесі кезеңге өтті
<p style="text-align: justify;">Қостанайдың «Тобылы» Конференция лигасының 2 кезеңі аясында Гибралтардың «Линкольн» командасын 0:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>
Матчтағы жалғыз допты 31-минутта Зоран Тошич соқты.
Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде қостанайлық клуб 2:0 есебімен басым түскен болатын.
Айта кетсек, аталған жұптың жеңімпазы үшінші іріктеу сатысында «Тирана» (Албания) және «Зриньски» (Босния и Герцеговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ойындар 4 және 11 тамыз күндері өтеді.
Бөлісу: