Әлем
1 мин оқу 191
Тунис жаңа конституция жобасын қабылдады
<p style="text-align: justify;">Тунис Жоғары тәуелсіз сайлау комиссиясы 25 шілдеде өткен референдумда жаңа конституция жобасының қабылданғанын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Комиссия төрағасы Фарук Буаскердің айтуынша, сайлаушылардың 94,6%-ы Тунистің жаңа конституциясының жобасын қолдаған. Ал 5,4 % пайызы қарсы дауыс берген.
Референдумға 2 630 094 сайлаушы қатысқан.
«Жоғарғы тәуелсіз сайлау комиссиясы Тунис Республикасының жаңа конституциясы жобасының қабылданғанын хабарлайды», деді Буаскер.
Бөлісу: