Қоғам
1 мин оқу 260

Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

<p style="text-align: justify;">Шымкент ҚПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері &laquo;Қарасора-2022&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ірі көлемде есірткі заттарын сақтап, оны өткізумен айналысқан үш азаматты ұстады, деп хабарлайды&nbsp;&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оның екеуінен 2 полиэтиленді пакетте болған есірткі заттары табылса, олармен сыбайлас бір азаматтан қапқа салынған есірткі заты табылған.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар кептірілген марихуана екендігі анықталып, жалпы салмағы – 7 келі 188 гр құрады. Атап өту қажет, құрықталған қылмыстық топтың мүшелерінің барлығы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болған. Бүгінде аталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды», деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар