Коронавирус
1 мин оқу 170

COVID-19: Оңтүстік Кореяда бір күнде 25 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Оңтүстік Кореяда соңғы үш айда COVID-19 жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің мәліметі бойынша, өткен тәулікте елде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 100 285 адам тіркеліп, 25 адам қайтыс болған. 

Бұл 20 сәуірден бері COVID-19 жұқтырғандардың ең жоғары саны. Ол кезде күніне 111 291 жаңа дерек тіркеліп отырған еді. 

Айта кетсек, елдегі денсаулық сақтау органдары COVID-19 жаңа жағдайларының саны әлі де көбейеді деп болжап отыр.

Бөлісу:
COVID-19: Оңтүстік Кореяда бір күнде 25 адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар