Оқиға
1 мин оқу 143

Елордада жолаушылар автобусынан өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрлігі елордада көше ортасында өрт шыққан автобусқа қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«27 шілде күні сағат 14.45-те өрт сөндіру бөлімшелері Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Түркістан көшесінде жанып жатқан автобус туралы түскен хабарлама бойынша шақыртуға шықты. Оқиға орнына жеткен бойда маршруттық автобустың қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды. Өрт 14.58-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 5 адам және 1 техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Елордада жолаушылар автобусынан өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар