Қаржы
1 мин оқу 161
Доллар бағамы өсті
<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 0,61 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа құны 480,16 теңге болды.
Ұлттық банктің 27 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 479, 83 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 481 теңге, сатып алу – 485,5 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңгеден болса, сатып алу құны – 481 теңге. Ресей рублі 7,15- 7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бөлісу: