Медицина университетінің экс-проректоры сотталды
<p style="text-align: justify;">Астана медицина университетінің экс-проректоры М.Дәулетьярова пара алғаны үшін бас бостандығынынан айырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының №2 соты үкімімен «Астана медицина университеті» КЕАҚ проректоры М.Дәулетьярова қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Ол жеке компаниялардың басшысы Э.Гриценкодан электронды кітаптарды жеткізудегі жалпы қамқорлығы үшін 10 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін, сондай-ақ делдал М.Қапаров арқылы ректор лауазымына тағайындау үшін 47 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды», делінген Антикор хабарламасында.
Сот Гриценконы 3 жылға бас бостандығынан, делдал Қапаровты 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.