Қазақстан
2 мин оқу 265

VIII армия халықаралық ойындарына қатысады

<p style="text-align: justify;">Әскери қызметшілер Әзербайжан астанасы Бакуде АрХО аясында өтетін &laquo;Теңіз кубогы &ndash; 2022&raquo; кемелер экипаждарының конкурсына қатысу үшін дайындалуда.</p>

VIII армия халықаралық ойындарына қатысады

Сайыс 3 тамызда басталады. Жарыс өтетін жерге теңіз­шілер «Сарыарқа» зымыран-артил­лериялық кемесімен келеді, ал «Орал» кораблі резерв­тегі кеме ретінде белгіленіп отыр. Әскери теңізшілер жарыста жүз­белі минаны, теңіз және әуе ныса­на­ларын артиллерия оғымен атудан сайысумен бірге, кеменің тіршілік үшін күресін, құтқару құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын және теңіз машығын көрсетеді. Жарыстың тәртібі гидрометеорологиялық жағдайларға байланысты құры­лады.

Қазір қатысушылар әуе және суүсті нысаналарын имитация­лайтын нысаналарға оқ атып, тәжірибе жинауда. Жүзушілер қашықтыққа жүзуді орындап, құтқару құралдарын пайдалану техникасын пысықтайды. Кеменің мықтылығын сынау үшін апаттық жағдайдағы нұсқасы әзірленуде.  Сабақтар бассейнде, пирстерде және теңізде өтеді.

– Авариялық құтқару құрал-саймандарының көмегімен кеме­нің мықтылығын көрсету үшін команда әртүрлі көлемдегі тесік­ті бітеуге тиіс. Бұл тапсырманы әскери-теңіз базасының оқу-жаттығу кешенінде пысықтаймыз. Су жүйелі түрде он секунд сайын тесіктерден жіберіледі. Оған кірісу команда капитанының кеме зақымданды деген баяндамасынан кейін жеті минут ішінде орындалуға тиіс, –  деді команда капитаны 3-сыныпты старшина Жамбыл Бадбаев.

Былтыр Иранда  теңізшілеріміз сайыс­тың осы кезеңінде бірінші орын алды. Жалпы, Ха­лық­­­ара­лық армия ойындарын­да қа­­зақ­стан­дықтар жеті сайысқа қа­ты­­сады. Ресейде «Танк биат­­ло­ны» мен «Эльбрус шең­бері», Әзер­­бай­жанда «Теңіз кубогы», Арме­нияда  «Бейбітшілік жауынгері» өтеді деп жоспарлануда.

Қалған үш сайыс еліміздің әскери полигондарында өтеді. Гвардейскіде «Артиллериядан оқ ату шеберлері» минаатқыш есеп­­топ­тарының жарысы, Бура­бай тау­лы аймағындағы әскери кол­ледждің базасында «Ме­ри­диан» әскери-топографиялық қыз­мет мамандарының жары­сы, Спасск полигонында – «Так­тикалық мерген» әскери-спорттық жарыстар кешені ұйымдастырылады.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
VIII армия халықаралық ойындарына қатысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар