Қоғам
1 мин оқу 153

Алматыда қару жасырылған тағы бір орын анықталды

<p style="text-align: justify;">Қару-жарақ Медеу ауданындағы саяжай алқабынан табылған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Криминалдық полиция қызметкерлері Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп бетон қоршаудың жанынан 70 метр радиуста қару-жарақ қоймасын тапты.

ҚР ҚК-нің 287-бабымен тергелетін қылмыстық іс материалдарына іс жүргізу тәртібімен 2 Макаров жүйесінің тапаншасы, тегіс ұңғылы мылтық, 512 дана әртүрлі калибрлі патрондар, оның ішінде Калашников автоматына арналған патрондар, 22 дана граната, соның ішінде әскери, сондай-ақ радиостанция тіркелді.

Сонымен қатар жасырылған орыннан өсімдік тектес және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылды. Қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық және сот-химиялық сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Алматыда қару жасырылған тағы бір орын анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар