Қазақстан
1 мин оқу 266

Екі айлық үзілістен кейін «Байқоңыр» іске қосылды

<p style="text-align: justify;">Екі айлық үзілістен кейін &laquo;Байқоңыр&raquo; ғарыш айлағынан кезекті ұшыру 2022 жылдың 9 тамызына жоспарланған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұдан бұрын Байқоңырдан «Союз МС-20» көліктік жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған еді.

Қазақстандық тараппен бекітілген кестеге сәйкес, 2022 жылғы 9 тамызда «Байқоңыр» ғарыш айлағының №31 алаңынан «Союз 2.1а» зымыран тасығышы ұшырылады, ол орбитаға спутниктер шоғырын шығарады.  

Бірақ 2022 жылдың қыркүйек айының бірінші онкүндігіне жоспарланған «Ангосат-2» байланыс спутнигімен «Протон-М» зымыран-тасығышының «Байқоңыр» ғарыш айлағынан биылғы алғашқы ұшырылымы кейінге шегерілді. Ал «Союз МС-22» ғарыш кемесі ХҒС-қа 2022 жылдың 21 қыркүйегінде келесі экспедициямен ұшырылады.

Экипаж құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев пен Дмитрий Петелин, сондай-ақ ХҒС кросс-ұшу бағдарламасы бойынша ұшатын америкалық астронавт Франсиско Рубио бар.

Бөлісу:
Екі айлық үзілістен кейін «Байқоңыр» іске қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар