Елордада 26 заңсыз такси жүргізушісі ұсталды
<p style="text-align: justify;">Елордада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында 26 заңсыз такси жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бір күнде полицейлер тиісті құжатсыз «такси» қызметімен айналысқан Өзбекстан мен Тәжікстанның үш азаматын ұстады. Жүргізушілер «Yandex» мобильді қосымшасын пайдаланып жолаушы тасымалдаған.
Шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер коммуналдық тұраққа қойылды.
Елордада «Қауіпсіз жол» айлығы өтіп жатыр. Аталған шара басталғалы бері 3 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 39-ын қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған. Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 500-ден астам жүргізуші, маневр жасау ережесін бұзғаны үшін 100-ден астам, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін 168 және қарсы жолаққа шыққаны үшін 22 жүргізушіге айыппұл салынды.