Алматыда оқушылар көк түсті форма киеді
<p style="text-align: justify;">Алматы оқушылары жаңа оқу жылынан бастап қою көк түсті форма киеді. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, бірыңғай мектеп формасы 2016 жылы бекітілген болатын. Пандемия кезінде оқушыларға еркін киінуге рұқсат бердік. Жаңа оқу жылынан бастап мектеп формасын киеді, яғни – қою көк түсті форма», деді спикер.
Сонымен қатар ол ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайтынын атап өтті.
«Мектеп формасын ата-ана өзі таңдайды. Аяқ киімге келер болсақ, классикалық туфли киюге міндеттемейміз. Бала өзіне ыңғайлысын киеді», деді Ләззат Жылқыбаева.