Экономика
1 мин оқу 185

Ұлттық валютадағы депозиттер бір айда 4,5 пайызға артты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда депозиттердің сомасы бір айда 7,6 пайызға ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық банктың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 7,6 пайызға артып (жылдық мәнде өсу 8,1% болды), 2022 жылғы маусымның соңында 27 162,9 млрд теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 801,2 млрд теңгеге дейін 8,2 пайызға ұлғайды, жеке тұлғалардың депозиттері 13 361,7 млрд теңгеге дейін 7 пайызға өсті», делінген Ұлттық банк мәліметінде.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 17 581,2 млрд теңгеге дейін 4,5 пайызға артты. Шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 9 581,7 млрд теңгеге дейін 13,9 пайызға өсті. Долларландыру деңгейі 2022 жылғы маусымның соңында 35,3% (2021 жылғы желтоқсанда – 36%) болды.

«Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2022 жылғы маусымда 8 715,6 млрд теңгеге дейін 3,2 пайызға өсті, шетел валютасындағы депозиттер 5 085,6 млрд теңгеге дейін 18,1 пайызға артты. Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 865,6 млрд теңгеге дейін 5,8 пайызға ұлғайды, ал шетел валютасындағы депозиттері 4 496,1 млрд теңгеге дейін 9,5 пайызға артты», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Ұлттық валютадағы депозиттер бір айда 4,5 пайызға артты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар