Елорда
1 мин оқу 185
Елордада пәтер берілетін көпбалалы отбасылардың тізімі шықты
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда үй кезегінде тұрғандар арасында жалдамалы баспанаға қол жеткізгендердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл іріктеуге өтінімдер 18-24 маусым аралығында қабылданған болатын. Санаты - көпбалалы отбасылар. Барлығы - 2,3 бөлмелі 124 пәтер.
Бұл баспана сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Бағдарламаға өткендер мен өтпегендердің аты-жөні әкімдіктің сайтында жарияланған.
Тізімді осы сілтемеден жүктеп алуға болады.
Бағдарлама бойынша өткендердің бәріне жақын арада тұрғын үй орталығының қызметкерлері қоңырау шалып, әрі қарай не істеу керектігін айтады.
Бөлісу: