Қоғам
1 мин оқу 305

Нұр-Сұлтанда «Газель» өртеніп кетті

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда жолда келе жатқан &laquo;Газель&raquo; жанып кетті. Алдын ала ақпарат бойынша, көліктегі газбаллон жабдығы жарылған. Құтқарушылар хабарлағандай, оқиғадан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 28 шілдеде болған.

«Сағат 15:48-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бөлімшелері хабарлама бойынша шықты. Өрт сөндірушілер келген бойда өрт салдарынан ГБО (газбаллонды жабдық) жарылғаны анықталды. Өрт 16:02-де сөндірілді», делінген ТЖД ақпаратында.

Ведомство оқиғаның салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 5 адамы мен техника бірлігі жұмылдырылған.

а

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда «Газель» өртеніп кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар