Қазақстан
1 мин оқу 390

«Өнеге-Бейсен-Сайқын» тас жолының үштен бір бөлігі дайын

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан өңірінде орналасқан &laquo;Өнеге-Бейсен-Сайқын&raquo; тас жолының&nbsp; үштен бір бөлігінде қозғалыс қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Күре жолдың 35 шақырымында асфальт төселді. Жақын арада жол таңбалары сызылады. Жол-құрылыс жұмыстарын отандық мердігер ұйымдар жүргізуде.

Күрделі жөндеу нысанында құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін барлық қажет ресурс қарастырылды. Осылайша, 140-тан астам арнайы техника мен 200-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды. Жұмыстар тәулік бойы және кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Жұмыс қарқынын арттыру үшін мердігер ұйымдар екі асфальтбетон зауытын (АБЗ) іске қосты. Жол-құрылыс материалдарының бір бөлігі көршілес Ақтөбе және Маңғыстау облыстарынан тасымалданады.

Аталған республикалық трассаның жалпы ұзындығы 103 шақырымды құрайды. Күре жол 2 учаскеден тұрады. Жолды қолданысқа беру 2023 жылдың соңына жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұл жол құрылысы ұзаққа созылған күре жолдардың қатарында болатын. Алайда биыл жол-құрылыс жұмыстары қайта жанданып, қарқынды жүруде.

Бөлісу:
«Өнеге-Бейсен-Сайқын» тас жолының үштен бір бөлігі дайын · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар