Аймақтар
1 мин оқу 160

Оралда екі автобус соқтығысты

<p style="text-align: justify;">Оралда екі автобус соқтығысып, 11 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиғаға куә болғандардың сөзінше, жол апаты бүгін шамамен сағат 10.30-да Мұхит және Дәулеткерей көшелерінің қиылысында болды.

Қалада 39-бағытта жүретін «ПАЗ» автобусының жүргізушісі Дәулеткерей көшесімен келе жатып, басты көше - Мұхитқа шығарда жол бермей, 30Д бағытында жүретін автобуспен соқтығысқан. Салдарынан 39-автобус қиылыста тұрған Toyota Camry автокөлігіне аударылған.

Жол апатынан кейін 11 адам жарақат пунктіне жүгінді, олардың біреуі - бала. БҚО Полиция департаменті және облыстық

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растап, қосымша ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Бөлісу:
Оралда екі автобус соқтығысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар