Теннис
1 мин оқу 210

Анна Данилина Варшава турнирінің финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен германиялық Анна-Лена Фридзам жартылай финалда Польша өкілі Майя Хвалинска – чехиялық Джесика Малечковамен шеберлік байқасты.

Бірінші партия тағдыры тай-брейкте шешіліп, қазақстандық-германиялық жұп басымдылық танытты – 7:6 (7:3).

Екінші сетте Данилина мен Фридзам қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Олар сағат жарымға жуық уақытқа созылған кездесу барысында 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Қазақстандық-германиялық дуэт финалда доданың 2-ракеткалары, польшалықтар Катажина Кава – Алисия Росольскамен бас жүлдені сарапқа салады.

Бөлісу:
Анна Данилина Варшава турнирінің финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар