Талдықорғанда IT Hub құрылады
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Жетісу облысындағы жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевпен кездестім. Цифрландыру саласында өңірді дамыту бойынша өзекті мәселелерді талқыладық. Сондай-ақ ІТ-мамандарды даярлау бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру туралы әңгімелестік. Жақында Талдықорғанда жаңа IT-мектептермен және білікті мамандарды қамтитын заманауи IT-hub ашылады», деп жазды министр instagram-дағы парақшасында.
Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маманын даярлау міндетін қойған болатын. Жаңадан құрылатын технопарк заманауи құрылғылармен жабықталып, онда тиісті мамандар әзірленеді.