Аймақтар
1 мин оқу 170

Семей әуежайында рейстер саны артады

<p style="text-align: justify;">Семей қаласындағы әуежайда рейстер саны арттыру жоспарлануда, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі халықаралық әуежайға барды. Бұл әуежай 1982 жылы пайдалануға берілген.

Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 200 жолаушы, оның ішінде ішкі желілерде 80% және халықаралық желілерде 20%. Ғимараттың жалпы ауданы - 3500 шаршы метрді құрайды. Ұшу-қону жолағы бетонмен жабылған.

«2015-2018 жылдары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ұшу-қону жолағын, рульдеу жолын реконструкциялау, сондай-ақ апаттық-құтқару станциясының, орталық тарату пунктінің, қазандықтың, су станциясының құрылысы және аэровокзалды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта «Нұр-Сұлтан – Семей – Нұр-сұлтан», «Алматы – Семей – Алматы», «Шымкент – Семей – Шымкент» бағыттары бойынша тұрақты авиарейстер ұшуда. Алдағы уақытта бұл рейстер санын арттыру жоспарлануда», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында әуежайдың қосалқы объектілеріне және әуе кемелері үшін 2-ден 14 орынға дейін тұрақтарды ұлғайту қажеттігі белгілі болды. Бұдан бөлек, қызмет көрсететін арнайы техникалар жаңартылуы тиіс.

Бөлісу:
Семей әуежайында рейстер саны артады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар