Қазақстан шахматшылары олимпиаданы жеңіспен бастады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан шахматшылары олимпиаданы жеңіспен бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.</p>
Қазақстанның шахматшы қыздар құрамасы Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан олимпиадада осымен екінші мәрте жеңіске жетті. Мұның алдында Гватемаламен ойнап, 4-0 есебімен жеңген. Екінші раундта қазақ шахматшы қыздары 3-1 есебімен Бельгиядан басым түсті.
Бұл жеңісті Бибісара Асаубаева мен Назерке Нұрғали әкелді, ал Жансая Әбдімәлік пен Ксения Балабаева өз матчын тең аяқтады. Ерлер құрамасы Тәжікстанның жеңіліп қалды, есеп - 1,5-2,5. Командадағы жалғыз жеңіске Қазыбек Нөгербек қол жеткізді.
Арыстанбек Оразаев тең түсті, ал Әлішер Сүлейменов пен Мұртас Қажығалиев қарсыласынан ұтылды.