Спорт
1 мин оқу 104

Жалғыз жолдамадан қағылды

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.1pt;">Хорватияның Задар қаласында ұйым&shy;дас&shy;тырылған волейболдан әйелдер арасын&shy;дағы Challenge Cup жарысы мәресіне жетті.</span></p>

Жалғыз жолдамадан қағылды

Биылдан бастап жаңа ереже бойынша өткен дүниежүзілік додада әлемнің ең үздік деген 8 командасы қатысып, Ұлттар лигасына берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салды. Хорватиядағы жарыста Азия құрлығының атынан бақ сынған Қазақстан әйелдер құрамасы ширек финалда жарыс қожайыны Хорватиямен жолығып, үш партияда – 25-20, 25-15, 25-20 есебімен жол берді. Осылайша, біздің волейболшылар 2023 жылғы Ұлттар лигасына қатысу мүмкіндігінен айырылды.

Бұл ойында ұлттық құрама сапынан Татьяна Никитина үздік ойыншы атанды. Оның еншісінде – 14 нәтижелі әрекет бар. Ал Хорватия капитаны Саманта Фабрис матч­та 19 балл жинап, отандастарының ыстық ықыласына бөленді (14 ұпай, 4 эйс, 1 блок-шот).

Айта кетейік, жарыста Қазақстан мен Хорватиядан бөлек, Бельгия, Колумбия, Пуэрто-Рико, Камерун, Франция және Чехия құрамалары бақ сынады.

Бөлісу:
Жалғыз жолдамадан қағылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар