Олимпиаданы жеңіспен бастады
<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="font-size: 14.0pt;">Шахматтан Үндістанның Ченнаи қала­­сында өтіп жатқан олимпиаданы Қазақ­станның қыздар құрамасы сәтті бастады. Жерлестеріміз алғашқы екі ойында Гватемала мен Бельгия құрама­ларынан басым түсті.</span></p>

Қазақстанның шахматшы қыздар құрамасы олимпиаданың алғашқы айналымында Гватемала спортшыларымен ойнап, 4-0 есебімен жеңіске жетті. Екінші раундта жерлестеріміз Бельгия құрамасымен шеберлік байқасып, бұл жолы да қарсыластарын тізе бүктірді – 3-1. Бұл кездесуде Бибісара Асаубаева мен Назерке Нұрғали өз ойындарында жеңіске жетсе, Жансая Әбдімәлік пен Ксения Балабаева тең түсті.
Ал алғашқы айналымда қытайлық Тайпейден 3:1 есебімен басым түскен Қазақстан ерлер құрамасы екінші матчта Тәжікстан шахматшыларынан жеңіліп қалды – 1,5-2,5. Бұл матчта Қазыбек Нөгербек қарсыласынан басым түссе, Арыстанбек Оразаев тең ойнады. Өкінішке қарай, Әлішер Сүлейменов пен Мұртас Қажығалиев қарсыластарына жол берді.