Қазақстан
1 мин оқу 204

Архившілер тәжірибе алмасты

<p style="text-align: justify;">Архив жайлы айтар әңгімеміз көп. Жақсы жаңалық ести қалсақ, жарыса жазғымыз келіп тұрады. Құнды құжат&shy;тарды қайта қалпына келтіру оңай шаруа емес. Қазір бұл игілікті іске Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві білек сыбана кіріскен. Жақында Алматы қаласының мемлекеттік архивімен өзара тәжі&shy;рибе алмасып, жаңа техникаларымен таныс&shy;тырды.</p>

Архившілер тәжірибе алмасты

Заманауи құрылғылардың тілін меңгеру – уақыт талабы. Сарғайған құжаттарды ретке келтіру үшін архив қызметкерлері белсенді жұмыс істеуде. Бүгінде жас мамандарға жұмыс жүйесін үйретіп, әріптестерімен білге­нін бөлісуде.

Тәжірибе барысында «Ведомстволық архивті толымдау қызметі» бөлімінің қыз­мет­керлері түпнұсқа құжаттарды іріктеп, қонақ­тарға қайта өңдеу процесін көрсетті. Шежірелі деректерді қаттап, жыртылған жер­ле­рін жамау әдістерін де  үйретті.

Іс-шара соңында елорда архиві алматылық архившілерге арнайы сертификат табыстады. Сер­тификатты «Ведомстволық архивті толымдау қызметі» бөлім басшысының орынбасары Айкен Жакан­қызы  табыстады.

Айта кетейік, қазақ тарихын қалыптастыру үшін билік өкілдері, ғалымдар, тарихшылар, архив қызметкерлері, заңгерлер жаппай еңбек­тенуде. Бұл, әрине, қуантарлық іс. Қолы­мыздағы бар құжатты шашпай-төкпей жинастырып, өскелең  ұрпаққа табыстап кету ұлтқа парыз.

Осы ретте «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары: ХХ ға­сырдың 20-30-жылдары» деген екі томдық жинақ кітап жарық көрді.

Аталған жинаққа қалалық архив қоймасы­нан алынған тарихи құнды деректер енгізілді. Ұлт үшін, ұрпақ үшін қызмет ету –  ұлы іс. Мұны архив қыз­меткерлері мақтан тұтады.

Бөлісу:
Архившілер тәжірибе алмасты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар