Ұлыбританияда сайлаудың соңғы кезеңі басталды
<p style="text-align: justify;">Ұлыбританияда Консервативті партия басшысын сайлаудың соңғы кезеңі басталды. Бүгіннен бастап партияның елдегі 160 мың мүшесіне пошта арқылы бюллетень таратылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.</p>
Олар дауыс беру қағазын 2 қыркүйекке дейін толтырып, қайта жіберуі тиіс. Консервативті партияның көшбасшылығына екі кандидат үміткер. Олар бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак пен сыртқы істер министрі Лиз Трасс. Дауыс берушілердің талап-үддесінен шығу үшін қос кандидат ара-тұра тікелей эфирдегі дебаттарда пікір таластырады. Алдыңғы пікірталаста Сунак Трасстан сәл озған еді. Алайда соңғы сауалнамаға сүйенсек, сыртқы істер министрінің бәсі басым. Жеңімпаз 5 қыркүйекте анықталады. Билеуші партияның қай кандидаты жеңсе, сол бірден Ұлыбританияның премьер-министрі атанатынын айта кеткен жөн.