Қоғам
1 мин оқу 243

Жанармай талондарын заңсыз сатқан лауазымды тұлға сотталды

<p style="text-align: justify;">Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанайда жанар-жағармай талондарын заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;аталған агенттікке сілтеме жасап.</p>

«Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны» МКК механикаландыру қызметінің басшысы қызметтік бабын пайдаланып, жанар-жағармай талондарын ұрлап, жеңілдетілген бағамен әртүрлі тұлғаларға сатып жіберген.

Бұрынғы басшы 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта 2,5 мың литрден астам АИ-92 маркалы бензинге және 100 мың литрге жуық жазғы дизель отынына талондарды ұрлап, 18,5 млн теңге материалдық залал келтірген.

Сот қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар ол барлық белгіленген мерзімге пробациялық бақылауға алынды.

Бөлісу:
Жанармай талондарын заңсыз сатқан лауазымды тұлға сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар