Әлем
1 мин оқу 160

Иранда су тасқынынан 56 адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Ирандағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 56 адамға жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ИРНА-ға сілтеме жасап.</p>

«Су тасқынынан қайтыс болғандар саны 56 адамға жетті. Өкінішке қарай, біздің 18 азаматымыз жоғалғандар тізімінде. Біздің команда су тасқыны болған жерде іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр», деді Иран Қызыл Жарты Ай құтқару және көмек көрсету қызметінің басшысы Мехди Велипур.

Оның айтуынша, іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 3700 адам уақытша баспанамен қамтылған. 2500 адам құтқарылып, қауіпсіз ауданға көшірілген.

Бөлісу:
Иранда су тасқынынан 56 адам көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар