Елена Рыбакина Сан-Хосе турнирінде жеңіліп қалды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Сан-Хосе WTA-500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл қазақстандық теннисшінің Уимблдон чемпионы атанғаннан кейінгі алғашқы матчы болатын. Оның қарсыласы, әлемнің 12-інші, осы жарыстың 7-інші ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткина да осал емес.
Осыған дейін өзара екі мәрте кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді. Е.Рыбакина матчты сәтті бастап, екі брейкпен бірінші партияны алды – 6:1. Алайда екінші сетте Д.Касаткина 5:1 есебімен алға кетті.
Бұдан кейін Е.Рыбакина брейк жасағанымен, сол қарқынын әрі қарай жалғастыра алмады – 2:6. Үшінші, шешуші партияда Д.Касаткина еш мүмкіндік бермеді – 6:0.
Жүлде қоры 757 мың АҚШ долларынан асатын доданың екінші айналымында Д.Касаткина америкалық Тейлор Таунсендпен шеберлік байқасады.