Аймақтар
1 мин оқу 200
Екібастұзда жол апатынан жүргізуші көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Екібастұзда жол апатынан жүргізуші көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы М.Жүсіп - Торайғыров көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 шілде күні сағат 20:30-да «ВАЗ-21099» және «Hyundai Tucson» маркалы автокөліктер соқтығысқан.
«Салдарынан «ВАЗ-21099» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан ауруханада көз жұмды», деді өңірлік полиция департаменті өкілдері.
Автокөліктер айып тұрағына қойылып, тексеру жүргізілуде.
Аталған фактіге қатысты сараптама тағайындалды.
Бөлісу: