Аймақтар
1 мин оқу 253

Көкшетауда «Qnet» қаржы пирамидасының басшылары ұсталды

<p style="text-align: justify;">Көкшетауда &laquo;Qnet&raquo; қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдіктілер анықталып, қамауға алынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>,</p>

Ақмола облысы бойынша Қаржы мониторингі департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау қаласының аумағында «Qnet» халықаралық компаниясы өнімдерінің интернет-саудасын жамылып жұмыс істеген қаржы пирамидасының басшылары тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қылмыстық істі тергеу аясында күдіктілер Қылмыстық процессуалдық кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Көкшетау қалалық ПБ уақытша стау оқшаулағышына қамалды. Сонымен бірге Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктілерге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесінде жария етілмейді», делінген ведомство ақпаратында.

Бөлісу:
Көкшетауда «Qnet» қаржы пирамидасының басшылары ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар