Білім
2 мин оқу 300

Ядрошы физиктер өзімізде даярланады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Мәскеу инженерлік физика институты&raquo; Ұлттық ядролық зерттеу университетінің Алматы қаласындағы филиалы бакалавриат пен магистратураға қабылдау науқанын бастады. Ресейдегі ең үздік ұлттық зерттеу университеттерінің бірі Қазақстандағы филиалында &laquo;Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері&raquo; және &laquo;Элементар бөлшектер физикасы және ғарыш физикасы&raquo; оқу бағдарламалары бойынша сабақ береді.</p>

Ядрошы физиктер өзімізде даярланады

«MИФИ» филиалы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында орналасады және аталған оқу орнының мамандары құжаттар қабылдап жатыр. Осы мақсатта Алматыға МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің ірік­теу және пәндік комиссиясының өкіл­дері келеді.

Бүгінгі таңда бакалавриат бойынша 62 және магистратурада оқуды жалғастыру үшін 10 құжат тапсырылды. Қабылдау емтихандарының бірінші толқыны 3 (физика) және 5 тамызда (математика) өтеді. Екінші толқын сәйкесінше 25 және 27 тамызға жоспарланған.

Филиалдың ресми ашылуы қыр­күйек­тің екінші жартысына, ал оқу­дың басталуы 2022 жылдың 1 қаза­нына жоспарланған.

«МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу университеті – беделді ғылыми мектептері бар әлемнің жетекші зерттеу университеттерінің бірі (әлемдегі Топ-350). Мұнда Нобель сыйлығының 6 лауреаты жұмыс істеді. Бүгінде МИФИ-де 200-ден астам білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

– Ресей жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – ядролық энергетика, геология және мұнай-газ өнеркәсібі үшін кадрлар даярлау. Нәтижесінде, еліміз тек жо­ғары білікті инженерлерді ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу қыз­ме­тіне дайын жас ғалымдарды да алады деп күтеміз, – дейді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

«МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінде оқытудың бас­ты ерекшелігі – білім беру, ғылыми және инновациялық қызмет үздіксіз жүр­гі­зіледі. Студенттер төменгі курстан бастап ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тарына қатыса алады. 3-курс­тан оқу және ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тарына қатысу міндетті саналады.

Естеріңізге сала кетейік, ел Пре­зиденті Қ.Тоқаев Парламент Мә­жі­лісінің 2022 жылғы 11 қаңтар­да­ғы отырысында 2025 жылға дейін Қазақстанда беделді шетелдік универ­си­теттердің кемінде 5 филиалын ашуды тапсырған болатын.

Бөлісу: