Аймақтар
1 мин оқу 265

Жағажай көркейтіледі

<p style="text-align: justify;">Семей қаласының әкімдігі жергілікті тұр&shy;ғын, грек-рим күресінен балалар жат&shy;тық&shy;тырушысы Ержан Амархановтың баста&shy;масына қолдау көрсетпек. Мәселен, шаһар би&shy;лігі аталған азамат қолға алған жаға&shy;жайдың маңын абаттандыратын болады.</p>

Жағажай көркейтіледі

Бұл ретте әкімдік жағажайды көркейтуге байла­нысты мемлекеттік сатып алуды жариялағанын айта кеткен орынды. Конкурсқа бөлінген қаражаттың бастапқы сомасы осы жылға – 4 642 097 теңге.

Аталған қаржыға күннен қорғайтын 5 шатырды, бақылау пост-мұнарасын, 3 қоқыс контейнеріне арналған шатыр, полиция мен медициналық пунк­терге арналған жалпыға ортақ 1 блок-контейнер, 2 биодәретхананы, 2 жуынуға арналған кабинаны, 6 құтқару кеудешесі, 2 құтқару шеңбері мен арнайы құтқару жабдығын және екі стендті сатып алу жоспарланып отыр.

«Осыдан кейін бірден қорытынды шығары­лып, мердігерде қажетті керек-жарақты жеткізу­ді ұйымдас­тыруға 30 күнтізбелік күн болады. Та­мыздың аяғында жарақталған жағажай Ержанға тапсырылады. Мердігер ұйымға мерзімінен кешік­пеу ескертіледі», деді қалалық тұрғын үй ком­муналдық шаруашылығы басқармасы бөлімі бас­шысының орынбасары Рашид Шерубаев.

Абай облысы

Бөлісу:
Жағажай көркейтіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар