Коронавирус
1 мин оқу 221

Коронавирустан 2 адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 2 адам коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Министрлік ұсынған соңғы деректерге сәйкес, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 33 жағдайы анықталды, өлім жағдайлары болған жоқ.

Жалпы пандемия басталғалы пневмониядан 5357 адам қайтыс болды. Ал коронавирустан 2 адам көз жұмды. Бүгінге дейін вирустан 13 666 адам қайтыс болды.

3 тамыздың таңында таратылған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирустан 27 747 адам (–27 498+ және 249 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 1 505 пациент стационарда жатса, 26 242 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

  • 32 адамның жағдайы ауыр;
  • 8 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Бөлісу:
Коронавирустан 2 адам көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар