Жаңалықтар
1 мин оқу 377

Қамқорлық деп осыны айт!

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері пойызда тегін жүреді

 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерейтойына орай 2014 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне жолаушылар пойыздарында тегін жол жүру дәстүрлі акциясын өткізуде. Мерекелік шара аясында ҰОС ардагерлері мен мүгедектері Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері аума­­ғында теміржол көліктерінде тегін жүре­ді. Ар­дагерлер «Тальго» зауыты шығарған вагон­дар­дан құралған пойыздардан бөлек, жолау­шы­лар пойыздарының барлық санаттары мен ба­ғыт­тарында, сонымен қатар, қалааралық пойыз­дарда да купелік вагондармен жүру мүмкіндігіне ие. Ардагерлерге тегін билет теміржол кассала­рын­да беріледі. Өзімен бірге жеке куәлігі, соны­­мен қатар, ҰОС ардагері немесе мүгедектігі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет. Аталған акцияны өткізу туралы қажетті ақпа­ратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың темір­жол кассалары мен тәулік бойы жұмыс істейтін «105» анықтама телефонынан алуға болады. Ескендір ЕРТАЕВ.
Бөлісу:
Қамқорлық деп осыны айт! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар