Оқиға
1 мин оқу 266

Жайық өзеніне екі адам батып кетті

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында ағайынды екі адам Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 2 тамыз күні Теректі ауданы Ақжайық ауылында болды.

«Сағат 16.30-да жабдықталмаған және тыйым салынған жерден түсіп, шомылған 35 жастағы ер адам мен 7 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне батып кеткен. Жедел құтқару жасағы келгенге дейін ер адамның денесін жергілікті тұрғындар алып шықты. Құтқарушылар (8 адам, 2 техника, 2 жүзу құралы) жасөспірімнің денесін іздестіріп жатыр. Марқұмдар бір-біріне туыс, 1987 жылғы ер адам ағасының баласын құтқарамын деп суға кеткен. Осымен өңірде 15 адам суға кетсе, соның алтауы – балалар», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО ТЖ департаменті суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін тұрғындар есіне салады.

Бөлісу:
Жайық өзеніне екі адам батып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар