Қоғам
1 мин оқу 260

Шымкентте 2 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Шымкентте екі жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Қалалық балалар ауруханасына жеткізілген ол ауыр халде жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін сағат 14:00 шамасында «Тұран» шағынауданында болған. Бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан құлаған бүлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалғаны белгілі болды. Қазір ол ауруханада жатыр.

«Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайды. Жыл басынан бері Шымкент қаласында балалардың терезеден құлау жағдайы 4-ші рет тіркеліп отыр. Барлық жағдайда балалар ата-аналарының қарауынсыз қалған», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Шымкентте 2 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар