Коронавирус
4 мин оқу 400

Қауіпті індет өршіп барады

<p style="text-align: justify;">Дүниені дүрліктіріп, елді елең еткізген індеттің ізі қайта көріне бастады. Алысқа бармай-ақ, айналамыздағы адамдардан да ауырып қалдым, емделіп шықтым деген мәндес мәліметтерді күнде естіп жүрміз. Дей тұрғанмен, аурудың алаңдатарлық ахуалын аңғармастан, маска тақпай бейғам жүрген жандардың да қарасы қалың. &laquo;Жасыл аймақтағылар&raquo; жайбарақат жүр, &laquo;сары аймаққа&raquo; енгендер салғырттық танытуда. Сонда аты жаман аурудың қауіпті екенін түсіну үшін індет жаппай белең алып, &laquo;қызыл аймаққа&raquo; кіру қалды ма?!</p>

Қауіпті індет өршіп барады

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 20 маусымнан бастап республикада КВИ ауруының өсуі байқалғанын, соңғы екі аптада сырқаттанғандар­дың саны 3,2 есе, яғни 10 714-тен 34 550 жағдайға дейін өскенін айтқан болатын.

«Бүгінгі таңда инфекциялық төсек­тердің қамтылуы 30%-ды, бұл шама­мен 1 500 пациентті құрайды, реани­ма­циялық төсектердің 7%-ы 45 пациентті құрайды. Министрлік коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу және эпидемияға қарсы уақтылы алдын алу шараларын қабылдау мақсатында тұрақты негізде өңірлердегі ахуалды бағалау жүргізіледі және жағдайды тұрақ­тандыруға бағытталған жедел шара­лар қабылдайды. Медициналық ұйым­дардың КВИ-ге дайындығы тұрақ­ты негізде қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда 189 медициналық ұйымда 4 900-ден аса ковидтік төсек, 620 реани­ма­циялық орын, резервте 20 мыңнан аса  орын бар», деді А.Ғиният.

Бас шаһардағы жағдай да мәз емес. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәлі­ме­тіне сүйенсек, кеше қалада 949 індет жұқтыру жағдайы тір­келген.

Бүгінгі таңда 7 инфек­ция­лық стационар жұмыс істейді, ин­­фекциялық стацио­нар­лар­дың төсектік орын сыйым­ды­лығы 694 төсекті құ­рай­ды. 361 адам ин­фек­­­ция­лық стационарларда жатыр, төсектік орын жүктемесі 52%-ды құрайды. Оның ішінде КВИ расталған стационарлардағы пациенттер саны – 347 адам, пневмониямен 14 адам емделуде. Жансақтау бөлімшесінде 23 па­­циент ем алуда, оның ішінде біреуі ӨЖЖ-ге қосылған. Бұл бө­лім­ше­де­гі жүктемесі 28%-ды құрайды. Бүгінде жедел медициналық жәр­дем стансасына КВИ бойынша тәулігіне 43 шақырту түседі. Нұр-Сұл­тан қаласы бойынша өткен тәулікте 4 714 зертханалық зерт­­­теу жүргізіліп, 949 жаңа жағ­­дай тіркелді, бұдан бөлек 46 адам індетке қайта душар бол­­ған. Жалпы, пандемия кезе­ңін­де бар­лығы 3 403 994 ПТР зерттеу жүр­гізілді.

Кешегі дерек бойынша МСАК ұйымдарында 4 294 па­циент коронавирус инфекциядан емделіп жатыр. Оның мен 833-і – балалар, 179-ы – жүкті әйелдер. Бірінші ком­понентпен 534 360 адам, екінші компонентпен 515 968 адам вакцина алды. Ревакцинадан өткен­дердің саны – 156 996.

Осы орайда Нұр-Сұлтан­да­ғы №3 қалалық емхана­ның терапевт-дәрігері Ғалия Бах­тияр­қызы вирустан қорға­ну­­дың бірнеше жолын атап өтті.

«Коронавирус сияқты рес­пи­раторлық вирустар, адам а­ғ­засына көз, мұрын немесе тамақ арқылы құрамында вирусы бар шырыш немесе тамшылардың түсуі арқылы та­ра­лады. Көбінесе таралу қол ар­қылы орын алады. Қол – ви­рустың бір адамнан екінші адамға таралуының ең жиі кездесетін жолдарының бірі. Пандемия кезінде вирус таралуының алдын алудың ең қол­жетімді, қарапайым және ма­ңызды тәсілдерінің бірі – қол­ды сабынмен жиі жуу. Және міндетті түрде қоғам­дық орын­дарда маска тағу. Коро­на­вирустың таралуын тағы да қалай болдырмауға болады? Ол үшін түшкіру мен жөтелудің дұрыс әдебін сақтаңыз: жөтел немесе түшкіру кезінде ауызды және мұрынды бүгілген шынтақпен немесе майлықпен қал­қалаңыз, пайдаланған май­лықты дереу тастаңыз және қолды жуыңыз. Бетіңізге – ауыз­­ға, мұрынға, көзге қол тигіз­­беңіз. Әлеуметтік қашық­тық­­ты сақтаңыз: қол алысу, құшақтасу немесе сүйісу, бірге тамақтану, бір ыдысты, ке­­се­лерді және сүлгілерді бір­ге пайдаланудан аулақ бо­лы­­ңыз. Суық тиген немесе тұ­мау белгілері бар адамдар­мен тығыз байланыстан аулақ болыңыз. Егер жоғары температура, жөтел немесе тыныс та­рылу белгілері болса, уақ­тылы медициналық кө­мек­ке жүгініңіз», деді Ғ.Бахтиярқызы.

Сонымен қатар ол вакци­на­­ның маңыздылығын айта келе, созылмалы аурулары бар адамдар дәрігерлермен ке­ңе­с­е отырып бірінші болып вак­цина алу керек екенін алға тарт­ты.

«Вакцина осы вирустан қорғайтын медицинаның ойлап тапқан ең үлкен жетісті деу­ге болады. Сол арқылы біз өзі­міздің, жақындарымыздың ден­сау­лығын сақтай аламыз. Ол кейде денсаулығымызды қорғап қана қоймай, өлімнен де алып қалуы мүмкін. Екпе алу арқылы адамдар қалыпты өмір­ге қайта оралады. Вакци­на­­ның негізгі мақсаты – ин­фек­цияның алдын алу емес, аурудың ауыр ағынынан қор­ғау. Ол ауырып, ажалға апа­ру сал­дарын азайтады. Имму­ни­тет қалыптастырады. Әлем бойынша жүріп жатқан вирус әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар үшін өте қауіпті. Сондықтан осындай белгісі бар азаматтар дәрігерлермен ке­ңе­се отырып бірінші болып вак­цина алуы керек», деді маман.

Сондай-ақ жақында Қазақ­стан­ның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова өңір «қы­зыл аймаққа» кірген жағ­дай­да бі­лім беру саласында енгізілетін шектеулер жайында айтты.

«Біріншіден – бұл санита­р­лық-зарарсыз­дан­ды­ру­ды кү­шейту, тазалық жүргізу жиі­лі­гін арттыру, кабинеттерді желдету, ауаны зарарсыздан­дыру. Сонымен қатар кіребе­ріс­те сүзгі орнатып, педагогтер мен қызметкерлердің дене қызуын өлшеу қолға алынады», деді А.Есмағамбетов

Оның айтуынша, қашықтан оқыту форматы енгізілмейді. Дегенмен «қызыл аймаққа» енген өңірлерде мәдени, тәрбие іс-шараларын, сынып және ата-ана­лар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады.

«Балабақшаларда топтарды бірік­тіру арқылы өткізі­ле­тін іс-шараларға тыйым салы­нады. Мек­тептерде жоға­ры, орта және тө­менгі сынып оқушыларын бө­лек­теу жүр­гі­зілуі мүмкін. Бұл олар­ды мүм­­кіндігінше бір-бірімен кез­дес­пеуі үшін жасалады. Есте­ріңіз­де болса, бастауыш және жоғары сыныптар үшін бөлек кіреберіс ұйымдастырған едік», деді бас санитар дәрігер.

Бөлісу:
Қауіпті індет өршіп барады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар