Футбол
1 мин оқу 191

Ықтимал қарсыластар анықталды

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.1pt;">Футболдан УЕФА Конференция лига&shy;сы&shy;ның іріктеу кезеңдеріне қатысып жат&shy;қан қазақстандық &laquo;Тобыл&raquo; мен &laquo;Қызыл&shy;жар&raquo; клубтарының плей-офф кезе&shy;ңіндегі ықтимал қарсыластары белгілі болды. </span></p>

Ықтимал қарсыластар анықталды

Сейсенбі күні Швейцарияның Ньон қала­сында Еурокубок ойындарының жеребесі тартылды. Жеребеге сәйкес егер Қостанайдың «Тобылы» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Босния және Герцеговинаның «Зриньскиінен» басым түсетін болса, онда плей-офф сатысында Еуропа лигасындағы «Олимпиакос» (Грекия) – «Слован» (Словакия) жұбының жеңілген командасымен кездеседі.

Ал үшінші айналымда Кипрдің АПОЭЛ клубымен ойнайтын Петропавлдың «Қызыл­жа­рына» «Сфынтул Георге» (Румыния) – «Юр­гор­ден» (Швеция) жұбының жеңімпаз коман­дасы қарсылас атануы мүмкін. Плей-офф кезе­ңінің матчтары 18 және 25 тамыз күндеріне жос­парланған. «Тобыл» мен «Қызылжар» бүгін Конференция лигасының үшінші іріктеу кезе­ңіндегі алғашқы ойындарын сырт алаңда өткізеді.

Бөлісу:
Ықтимал қарсыластар анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар