Қоғам
1 мин оқу 310

Полиция қызметкерін пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Ақтау қаласы ювеналды полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторын пышақтап кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2 тамыз күні сағат 03:50 шамасында облыстық ауруханаға мойын тұсына алған жарақатпен полиция қызметкері жеткізілді. Ол сол жерде есін жимастан көз жұмды.

«Учаскелік полицей жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды. Қазір бұл іске күдікті – 27 жастағы азамат ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Көз жұмған полицей 26 жаста еді, Маңғыстау облысында туған. Үйленген, 3 баласы бар. Қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демалысында болған.

Бөлісу:
Полиция қызметкерін пышақтап өлтірген күдікті ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар