Қаржы
1 мин оқу 180
Доллар бағамы төмендеді
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы сәл төмендеп, 475-479 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтанда 1 доллар 474 – 479 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 475 – 480 теңге аралығында құбылып тұр. 3 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,42 теңгеге қымбаттап, 476, 07 теңге болған.
Ұлттық банктің 4 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476, 27 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,4 – 7,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бөлісу: