Әлем
1 мин оқу 474

Франциядағы ұнтақ зауытында жарылыс болды

<p style="text-align: justify;">Францияның Бержерак қаласындағы ұнтақ шығаратын зауытта болған жарылыс салдарынан 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 80 адам жұмыс істейтін зауытта сағат 14:00 шамасында жарылыс болған. Ауыр жараланған 8 адамнан бөлек тағы 35-і түтінге уланған. Жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ. 

Айта кетейік, аталған зауыт қару-жарақ өнеркәсібіне арналған жарылғыш заттарды өндіруге пайдаланылатын нитроцеллюлоза шығарады.

Бөлісу:
Франциядағы ұнтақ зауытында жарылыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар